∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мырзаш батырдың дастаны / مﺌرزاش باتر داستانى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мырзаш батырдың дастаны / مﺌرزاش باتر داستانى
3. Авторы (Айтушы)
Ниязбек Қыдырмоллаұлы – жыршы. Оның өмірі туралы жеке биографиялық деректер сақталмаған. Зерттеушілер «Мырзаш батыр» тарихи жырының Ниязбек Қыдырмоллаұлынан жазылып алынған нұсқасын ең толық және көлемді нұсқалардың бірі ретінде бағалайды (жырдың С.Нұралин және Е.Ахметов нұсқасы да бар).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жыршы Н. Қыдырмоллаұлы 1981 жылы институттың қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1978-80 жылдары 19-сәуірде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
874
8. Бет, жол саны, өлшемі
187; 20; 16,5х20,4; 10,5х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз қалың дәптерге қара сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда Мырзаш батырдың ерлігі баяндалады. Бала кезінде оған түсінде Қызыр аян беріп, ел қорғайтын батыр болатынын, жаудан үш рет кек алатынын айтады. Атасы Алдияр батасын беріп, Мырзаш ержүрек, елінің қорғаны болып өседі. Бірде ұранқай ханы Сайқын қазақ қызын алмақ болып, Жарғыл бастаған қолын қазақ еліне аттандырады. Ертіс өзенінен өте алмай көп шығынға ұшыраған Жарғыл аман қалған сарбаздарымен қазақ ауылдарын шауып, мал-мүлкін талауға кіріседі. Мырзаш батыр Садырбай бастаған батырларды жинап, алдымен елші жіберіп, жауды бейбіт түрде тоқтатуға әрекеттенеді. Алайда Жарғыл басын беруді талап етеді. Соның нәтижесінде Мырзаш пен Жарғыл жекпе-жекке шығады. Пірлердің қолдауымен Мырзаш Жарғылды жеңеді. Жарғыл жанын кешіруді өтінгенде, Мырзаш оны өлтірмей босатады. Жеңіліп, масқара болған Жарғыл Сайқын ханға оралады. Хан оның қорқақтығына ашуланып, содан кейін қазақтан қыз алмақ ниетінен біржола бас тартады.
13. Басы:
٬ باستاين بسمللا ده ب٬ اۋه ل باستان سۇزﺌمدى ﺌقلاسپه ن جۇرت تﺌڭداسن.
14. Соңы:
ﻮاقيعا برنشسن تڭداعان ﺠﻭرت ٬ اياقتاﻟﺌب وسمه ن بﺌتتى تمام
15. Қосымша мәлімет
Мырзаш батыр // Бабалар сөзі. Жүзтомдық. Тарихи жыр. 63-том / Томды құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: Қ.Алпысбаева, Т.Әкімова, Г.Рахымбаева, Ж.Салтақова. – Астана: Фолиант, 2010. – 87-307-беттер.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш