∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қоржынкөлдегі көтеріліс

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қоржынкөлдегі көтеріліс
3. Авторы (Айтушы)
Мұқанов Серік Шотбайұлы. 1904 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ереймен ауданында дүниеге келген. С.Мұқанов ауылдағы молдалардан оқып, ескіше хат таниды. 1931 жылы Петропавлдың педтехникумын бітіріп, мұғалім, сосын аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, хатшы болып істейді. 1936-1965 жылдары аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде меңгеруші қызметін атқарған. Өлеңдері, мақалалары облыстық, аудандық газеттерде жарияланып тұрды.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қорға Серік Мұқанов 1967 жылы тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1966 жылы 1 желтоқсанда Ерейментау қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
612
8. Бет, жол саны, өлшемі
61; 17; 20х16,3; 17х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың шақпақ дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Ереймен мен Қоржынкөл өңіріндегі оқиғалар суреттеледі. Патша үкіметінің қазақ жастарын тыл жұмысына алу туралы жарлығына халық наразылық білдіріп, жазалаушы отрядпен қақтығысқа шығады. Жазалаушы әскер ауылды шауып, тонап, кедейлердің 19–31 жас аралығындағы жігіттерін майдан жұмысына күштеп әкетеді. Байлар мен болыстар балаларын бұл тізімге іліктірмей алып қалады. Осы оқиғалардан кейін Нұрман есімді жас жігіт байлардың қорлығын көріп, жалшылықта жүреді. Ақпан төңкерісінен соң патша өкіметі құлап, елде жаңа билік орнайды. Жер кедейлерге бөлініп, бұрынғы жалшы Нұрман ауылнай болып сайланады. Бұдан кейін билік үшін тартыс, байларды кәмпескелеу, қоғамдағы өзгерістер бейнеленеді.
13. Басы:
Қоршаған тау жүздеген, Артықсың маған өзгеден.
14. Соңы:
Мезгіл жетсе, ұшарсың Қуыршақтай желменен.
15. Қосымша мәлімет
4-бетте бір сөз, 6, 9, 19-21, 29-30, 33, 36, 38, 43-44-беттерде өлең жолдары сызылып, жанынан жаңадан шумақтар жазылған, 7, 8, 10, 13-15, 17, 22, 24, 26, 28, 31, 35, 37, 42, 45-47, 49, 51-54, 56, 59-беттерінде сөздер, жолдар өшірілген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш