∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ілиястың простопқа айтқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ілиястың простопқа айтқаны
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шалабеков Д.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 5, жол саны — 24, 28,8х20,5; 22х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1916 жылдың күзінде Спасс зауытының атақты саудагер байы Сейітқамалұлы Әбубәкірдің үйінде болған үлкен бас қосуда Соколов деген приставқа Ілияс деген ақын жігіттің айтқан ысқақ өлеңі баяндалады. Ол жиында Спасстың болысы – Тәтидің Оспаны, елдің қасқа мен жайсаңдары жиналған. Қазақша судай білетін Соколовты Ілияс жігіт өлеңмен қағытып, шындықты бетіне басады.
13. Басы:
Ұмытпасам, 1916 жылдың күзі ғой деймін. Спасс зауытының атақты саудагер байы Сейтқамалдың Әубәкірінің үйінде бас қосқан үлкен бір жиын болды.
14. Соңы:
Егер де он алтыншы жылдың дүрбелеңі болмаса, Соколовтың Ілиясты бір тықырға тақауы да мүмкін еді.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген, әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек