∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Ілияс айтқан екі өлең
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Ілияс айтқан екі өлең
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шалабеков Д.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды, Екібастұз шахталарында 1936 жылы мамырда жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 4, жол саны — 29, 28,8х20,5 ; 22х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1912 жылдары мыс қорытатын заводта засипчик болып істеген баяндаушының көргендері айтылады. Лапылдап жанып жатқан оттың қасында жүріп еңбек атқарған жігіттердің жалақысы төленбей, ақылары желініп жүргенде Түсіпбек дейтін ағайдың замандасы Ілиястың бір күні осы жағдайға байланысты жеркепеде әңгіме-дүкен құрып отырған жігіттерге айтқан өлеңі келтіріледі.
13. Басы:
Шырағым, мен 1882 жылы Қарағанды болысы Спасскіде тудым.