∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ысқыру үшін тіс керек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ысқыру үшін тіс керек
3. Авторы (Айтушы)
Орынбек
4. Жинаушы, тапсырушы:
Төреқұлов Н.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1962 жылғы Оңтүстік Қазақстан экспедициясы кезінде Шаян ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.642, 1-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 1, жол саны — 12, 28,2х20,3; 9,6х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Қолжазбада Қақы қарияның бала күнінде тілазар, тентек болғаны туралы айтылады. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір жауап тауып айтады екен. Бір күні әкесі Қақыны ат суғарып келуге жұмсайды. Баласы ат суғара алмайтынын айтады. Неге екенін сұраған әкесіне «күрек тісім түсіп қалған» деп жауап береді. Әкесі ат суғаруға тістің не керегі бар екенін айтып, ұрсады. Сонда Қақы бұл сөзге де жауап тауып кеткен екен.
13. Басы:
Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке болыпты.
14. Соңы:
Е, ат су ішкенде, мен ысқырып тұруым керек емес пе? – депті.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек