∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шоңның сәлемдемесі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шоңның сәлемдемесі
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Е.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1124, 102-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 4, жол саны — 63, 20,5х16,8;18,5х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Шоң мен Шорман араларында түйе де, бие де жүретін тату достар болған екен. Бірде Шорманның орнына баласы Мұстафаны болыстыққа қоймақшы болып, ақыл-насихатын тыңдап қайтсын деп Шоңның ауылына екі-үш жігітімен қосып жібереді. Шоң Мұстафаны ыстық ықыласымен қарсы алып, төрт күн қонақ қылып, бір інген жетелетіп, қолына хат бергізіп жібереді. Хатты ашып оқыған Шорман баласының әлі де болса шала екенін біліп налыған екен.
13. Басы:
Шоң мен Шорман төс қағысып дос болыпты деседі.
14. Соңы:
…Әпербақандығыңды әйгілеп келген екенсің ғой, – деп өкініш айтыпты.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек