∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шомановқа сөз бергенде

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шомановқа сөз бергенде
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мүқышов Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көкөзек колхозында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, жол саны — 23, 28,8х20,5; 21,2х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы кеншілерінің мәслихаты туралы айтылады. Сол мәслихатта Қайып ақын мен Ілиястың ақынның құрметті шахтер, Социалистік Еңбек Ері №18 «Бис» шахтасының атақты навалоотбойщигі Сәкен Шомановқа арнаған жарасымды мақтау өлеңдері айтылады. Шомановтың шахтада 20 жылдан астам қызмет еткені, табысты еңбегі сөз болады.
13. Басы:
1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы кеншілерінің мәслихаты өтті.
14. Соңы:
Шығамын шырқап алға бәйге бермей! – деп өлеңдетіп қоя берді.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген, әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек