∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жылан қабықты жігіт

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жылан қабықты жігіт
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тұрмахан Байжанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1961 жылы жазылған. 1964 жылғы Қарақалпақстан экспедициясынан кейін қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
481
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 12; Ж. 21; 20×17 18×13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды дәптерге күлгін түсті сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Қиял-ғажайып ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Бір кедей шалдың бәйбішесі айдаһар етіне жерік болып жылан қабықты бала туады. Баланың атын Шаһмардан деп қояды. Шаһмардан сол елдің ханы Бабаханның қызы Нұрсұлуға ғашық болады. Жігіт түрлі өнермен жеңіп хан қызын алады. Бірақ көпке дейін қосыла алмайды. Ақыры Нұрсұлудың адал махаббаты үлкен қиындықты жеңіп, Шаһмарданды іздеп тауып барады да, ойлаған мақсаттарына жетеді.
13. Басы:
Баяғыда бір кедей шал менен кемпір болған.
14. Соңы:
Өзінің ата-анасы менен қайын ата-енесінің өмірлерін ұзартып, Бабаханды қайтадан хан қылып, еліне келіп 40 жыл өмір сүргізіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек