∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шаншардың қулары

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шаншардың қулары
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қарпықбаев Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жылы Жезқазған облысы, Никольский қаласы, Мичурин көшесінде (142/3 пәтер) Қ.Қарпықпаевтың қолымен жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1038
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 8, жол саны — 29, 29,9х20,8; 24,5х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Шаншар абыз Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының төңірегінде өз заманында бір тайпа елді аузына қаратқан би болыпты. Бір жорықта батырлар қалмақ ханының Әйбике, Нұрбике, Қызданбике атанған үш сұлуын қолға түсіріп әкеледі. Абыз үш қыздың тілегін сұрайды. Олар кімге берсе де, үшеуін бір-ақ адамға беруін өтініпті. Абыз үш қызды бір адамға беруге шешім айта алмай, «келісіп біреуі алсын» деп батырларға рұқсат береді. Үш сұлу қызды батырлар бір-біріне қимай, араларына іріткі түсе бастайды. Ауыл ақсақалдарының ақылымен бүкіл ел болып ұйғарым жасаған соң, Шаншар абыз үш қызға үйленуге келісім беріпті. Үш қыздан тараған Шаншар тұқымы, «Шаншардың қулары» аталған ұрпақ үш ауыл болып өсіп, қазіргі уақытта «Егіндібұлақ» ауданының негізін қалаған болса керек. Әңгімеде осы «Шаншар қуларының» шебер қалжыңдары, шешен тілдері мен өткір ойлары баяндалады.
13. Басы:
«Шаншардың қулары» деген атау сөз қазақ еліне ертеден мәлім.
14. Соңы:
Қалай жағып қарасаң, олай жағып қара, екеу-ақпыз, – депті екіншісі ыза болып, аспанға алара қарап, екі саусағын шошайтып.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген, мәтін әр бетке қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек