∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

«Үркіп кетемін»

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
«Үркіп кетемін»
3. Авторы (Айтушы)
Орынбек
4. Жинаушы, тапсырушы:
Төреқұлов Н.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.520
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, жол саны — 27, 30х21,3; 22,5х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына кирилл әрпінде машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Әңгімеде Қаратау жеріндегі Доспай болыстың Шаян деген жылқышысы туралы айтылады. Ол байдың көп жылқысын бір өзі бағады екен. Күні бойы жылқы бағып, атсоқты болып келгеніне қарамастан байдың әйелдері оны су әкелуге, отын теруге жұмсай беретін болыпты. Мұнан мезі болған Шаян отынға барса, жыланнан, суға барса бақадан үркетінін айтып сылтауратып, бармауға амалдапты. Бір күні бай әйелдері Шаяның үріккеннін көрмекші болып, суға жұмсап, өздері артынан еріп жүріпті. Шаян алдын-ала дайындап қойған қамшының өрімін лайға шаншып кетеді. Әйелдерден бұрын барып, қамшыны лайға батырып, шелегіне іліп алып, ойбай салып алдарынан шығады. Мұны көрген әйелдер жаулықтары жалбырап, шулап қаша жөнеледі. Сөйтіп, Шаянды жөнсіз жұмысқа жұмсамайтын болған екен.
13. Басы:
Ертеде Қаратау елінде Доспай болыстың Шаян деген жылқышысы болады.
14. Соңы:
Сол, сол екен, содан былай қарай Шаянды оны-мұныға жұмсамайтын болыпты.
15. Қосымша мәлімет
Әңгімеде Қаратау жеріндегі Доспай болыстың Шаян деген жылқышысы туралы айтылады. Ол байдың көп жылқысын бір өзі бағады екен. Күні бойы жылқы бағып, атсоқты болып келгеніне қарамастан байдың әйелдері оны су әкелуге, отын теруге жұмсай беретін болыпты. Мұнан мезі болған Шаян отынға барса, жыланнан, суға барса бақадан үркетінін айтып сылтауратып, бармауға амалдапты. Бір күні бай әйелдері Шаяның үріккеннін көрмекші болып, суға жұмсап, өздері артынан еріп жүріпті. Шаян алдын-ала дайындап қойған қамшының өрімін лайға шаншып кетеді. Әйелдерден бұрын барып, қамшыны лайға батырып, шелегіне іліп алып, ойбай салып алдарынан шығады. Мұны көрген әйелдер жаулықтары жалбырап, шулап қаша жөнеледі. Сөйтіп, Шаянды жөнсіз жұмысқа жұмсамайтын болған екен.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек