∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قاراقپشاق قوبلاندى / Қара қыпшақ Қобыланды

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قاراقپشاق قوبلاندى / Қара қыпшақ Қобыланды
3. Авторы (Айтушы)
Айнатасов Тәужи (1891-1962) – ақын, халық мұраларын жинаушы. Қарағанды облысы, Нұра ауданында дүниеге келіп, бүкіл саналы ғұмырын ауылдағы өмірді, еңбек адамдарын жырлауға арнады. Шығармалары баспасөз беттерінде, ұжымдық жинақтарда жарияланды. Ел арасынан ауыз әдебиетінің түрлі үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорына тапсырған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Айнатасов Тәужи
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы 21 тамызда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
323
8. Бет, жол саны, өлшемі
31; 16; 27х16; 18х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушының жол дәптеріне қара қарындашпен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Бұл Тәужи Айнатасовтың өзінше жырлаған жыры. Қобыланды 120 жасқа келіп қартаяды. Екі көзінен айрылып, соқыр болады. Елі бір бұлақтың басына тастап кетеді. Жанына асы-суын, күтуші жігітті қалдырады. Сөйтіп, кезінде талай жауды қырған батыр осындай күйге түседі. Көркемдігі орташа.
13. Басы:
ﺍيتوعا بر تارﻴقته سالدﺋم ويد ه٬ بول وييم ﺋركیلته د ه تولا بويده.
14. Соңы:
كارلیك داواسﺋز دﻩرت قاﻮلاعان ورت٬ قانداﻱ جان كاريلككه توسلمايدﻯ.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбада 2-бетте 2 жол жазу өшірілген, 11, 14-17, 22, 25, 29-беттердегі “Сайын” сөзі сызылып, үстінен “Арыстан” деп жазылған. 16-бетте бір шумақ үстінен сызылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш