∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қарқаралы Қазыбек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қарқаралы Қазыбек
3. Авторы (Айтушы)
Биназаров Иса – халық ақыны, жыршы. 1898 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Дегелең елі, 12-ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 13-14 жасынан бастап жиын-тойларда өлең, жыр айтады. 1917-1919 жылдары Семей қаласындағы екі жылдық мұғалімдер даярлайтын курсты оқып бітіреді. 1920-1924 жылдары бұрынғы Қарқаралы уезіндегі Ақбота, Дегелең, Абыралы ауылдарында бастауыш мектептерде мұғалім болып істейді. Кейін әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып, ағартушылық жұмыстармен айналысты.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Еркін – фольклор жинаушы, өлкетанушы, ұстаз. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында тұрған. Ел арасынан ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Мәтін 2000 жылдары Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1123
8. Бет, жол саны, өлшемі
40; 23; 21х17; 18х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Қазақтың бейбіт елін Қонтажы қалмақтың қалың қолы шауып кетеді. Халық Абылай ханға жүгінгенде, ол алдымен соғыспай, бітім жолын іздеуді ұсынады. Абылай бастаған жүз батырдан құралған елшілік құрамында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Олжабай, Өтеген, Малайсары, Баян және басқа да атақты батырлар болады. Жолда олар Келдібектің ауылына түсіп, оның ұлы Қазыбекті өздерімен бірге ертіп алады. Қонтажы елшілерді құрметпен қарсы алмай, оларды өлтіруді ойлайды. Алайда ханымының ақылы мен сыншысының Қазыбектің ерекше ақыл-парасаты туралы айтқан сөзінен кейін райынан қайтады. Үш күннен соң елшілерді қабылдап, келіссөз жүргізеді. Осы кезде жас Қазыбек тайсалмай сөйлеп, қазақ елінің намысы мен бейбітшілік талабын жеткізеді. Оның шешендігі мен батылдығына Қонтажы тәнті болады. Екі ел бітімге келіп, шабылған мал-мүлікті түгел қайтарып, тұтқынға түскен қазақтар босатылады.
13. Басы:
Домбыра ой тербетіп азынасын, Он саусақ аттай шауып жазыласың
14. Соңы:
Естісең осы хатты біз оқиық, Әлеумет осы отырған ортаға алып.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін 1993 жылы тамыз айында “Семей таңы” газетінде жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш