Арғы атасы – әулие, шейх, пір Мәулімнияз, одан Едіге, одан Нұрадин, одан Мұса тарайды. Мұсаның тоқалынан туған ұлдары Қараұлек деген үлкен әйелінен туған Орақ, Мамайды күндейді. Алшы Смайыл, Тобаяқ, Қалу, Сидақтар бірігіп, Орақты қастандықпен өлтіреді. Өлер алдында Орақ әйеліне өмірдегі үш арманын аманат етіп тапсырады. Қарт анасы Қараүлектің ақылымен үлкен ұлы Қарасай әкесінің аманатын орындауға кіріседі. Алдымен Ер Көкшенің Қызыл атын мініп, Мамай хан жеңе алмай жүрген Алауса қалмаққа қарсы аттанып, оны жеңеді. Қарасайдың әкесінің тұлпарына мініп, «Орақ!» деп ұрандап жауға шапқанын көрген Мамай хан өмірінде алғаш рет күледі. Мамайдың күлгенін ел көреді. Осылайша Орақтың екі арманы бірден орындалады. Қарасай қарт шешесі Қараүлектің тапсыруымен әкесінің үшінші арманын орындау үшін Айсаұлы Ахмет, Ерек Серек, Қоянақ батырларды ертіп, Қызылбасқа жорыққа аттанады. Әділдің шешесі үш рет көрген түсінің жамандықты меңзейтінін айтып, ұлын соғыстан қайтармақ болады. Алайда Әділ жорықтан бас тартпайды. Жауды жеңіп, Қарасай мен Қази әкесі Орақтың үш арманын орындап, мұратына жетеді. Ер Әділ тағына мініп, халқына адал болады.