∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қарасай, Қази

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қарасай, Қази
3. Авторы (Айтушы)
Мәмбетұлы Атаубай (1932-1973) – ақын, жыршы, термеші, сазгер. Қарақалпақ АССР-і, Қоңырат қаласында туып-өскен. Жас кезінен өлең-жырға, ән мен өнерге құмар болып, өміріне серік еткен. Ол Қоңырат қаласындағы қазақ орта мектебінде белгілі ақын Төлеген Айбергеновпен бірге оқыған. 1952 жылы Нөкістегі қарақалпақ педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, оны үздік бітіреді. Институттан соң Қоңыраттағы М.Горький атындағы орта мектепте мұғалім болып, кәсіподақ ұйымдарында қызмет істеген. Мәмбетұлының “Жаралғалы бұл дүние”, “Қалам алып хат жаздым”, “Досыңнан жазатайым сөз естісең” т.б. термелері және сөзін де, әнін де өзі шығарған “Шынар-ай!”, “Көкшетау”, “Іңкәр-ау!”, “Дейді екендер, дейді екен!” деген шығармаларын және бірнеше көлемді жыр үлгілерін қалдырған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі, Көрпеев Айтмұрат.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
“1975 жылғы Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау” экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/8
8. Бет, жол саны, өлшемі
133; 31; 20х30; 13х24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Эпос қаһармандары Қарасай мен Қазидың ерлік жорықтары әкесі Орақтың соңғы армандарын іске асыру мақсатынан туады. Орақ батырдың өлер шағында әйеліне айтып кеткен үш арманы: ол ер інісі Мамайдың қанша қызық өмір жасаса да сүйсініп күлгенін бір көрмепті, алдына жылқы баласын салмайтын Қызылат деген дүлдүлді қолға түсіре алмай, міне алмай кетіпті, Қиғаш тауындағы ата жауы қызылбасты бағындыра алмапты. Қарасай ержеткен соң анасы оған әке арманын баяндап береді.
13. Басы:
Батыр Мамай қанды Орақ Ер Мұсаның ұлы еді.
14. Соңы:
Қарасай, Қази екеуі “Үһ” деп демін алады.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш