Әділ, Қарасай, Қази Айсадан тараған бес батыр Қоянақ қартты басшы етіп, Қарасай мен Қазидың атасы Орақтың аманатын орындау үшін Қызылбас еліне аттанады. Жорық барысында Қарасай мен Қази жаудың қалың қолымен шайқасып, Қазбан қаласын басып алады. Ал Әділ бастаған әскер тар әрі қауіпті жалғыз аяқ жолмен келе жатқанда, Қорғасынның қалың әскері оларды екі жақтан қоршайды. Шайқас үстінде Әділдің аты сүрініп, өзі терең орға құлап кетеді.