∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Уәйіс ақын мен Серікбай қажы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Уәйіс ақын мен Серікбай қажы
3. Авторы (Айтушы)
Нәсілбеков Әкебай
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақыпоа Сайлаубек
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Мыңбұлақ совхозы, 27 қараша 1983 жыл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.914, 1-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 3, жол саны — 33, 29,7х20,5; 26х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Алпысты алқымдаған атақты Серікбай қажыны үйлі-баранды болған, жиырма бестердегі жалынды Уәйіс ақын іздеп барып, сәлемдесіп қайту ойымен Құрайлының Аякөзге құяр сағасындағы тоғайлы, паналы, шүйгін күзектегі там үйінде отырған Серікбай қажының ауылына іздеп барады. Аман-сәлемнен кейін Уәйісті таныған Серікбай қажы сөзбен сынайды. Сол кезде Уәйістің суырып-салма алғырлығына тәнті болған екен. Сөйтіп, өлең сөздің киесі жеңген, тамаша кездесу болады.
13. Басы:
ХІХ ғасырдың аяқ шені. Уәйістің үйлі-баранды болған, жиырма бестердегі жалынды шағы екен де…
14. Соңы:
Сөйтіп, өлең сөз бен дүние, байлықтың иелері таразыға түсіп, өлең сөздің киесі жеңіпті.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек