∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қарасай, Қази

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қарасай, Қази
3. Авторы (Айтушы)
Сейілханұлы Әмір – жыршы, эпостық мұраны сақтаушы. Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы, Раушан совхозында тұрған. Руы – табын, қарақойлы. Бұл жырды алғаш рет 1914 жылдан бастап атасы Тілеумағанбет жыраудан естіген. Жырды Ахмет және оның баласы Мұстажат деген кісілер де той-жиындарда айтып жүрген. Оларда Тілеумағанбеттен жазып алған қолжазба бар екен, Әмір жырды сол қолжазбадан жаттап үйренеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1941–2011) – филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті фольклортанушы, халық мұрасын жинаушы ғалым. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Өзбекстан Республикасының Ташкент аймағында бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырып, ғылыми жетекшілік етті. Экспедициялар барысында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін, эпостық жырлар, ертегілер мен балалар фольклорын жинап, жүйеледі. Ғалым жинаған 200-ден астам қолжазба топтамасын М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырып, қазақ фольклорының ғылыми қорын толықтыруға зор үлес қосты. Құлпыбаева Қадиша
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1977 жылы Әмір Сейілханұлының айтуынан жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/50
8. Бет, жол саны, өлшемі
139; 33; 20х30; 10,5х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Орақ батырдың өлер алдында аманат етіп қалдырған үш арманын орындау үшін ұлы Қарасайдың жорыққа аттанады. Ол Қырым ханы Әділден көмек сұрайды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін жас болса да таққа отырған Әділге ноғайлының Ысмайыл деген адамы жала жауып, түрік патшасына хат жазады. Түрік патшасы Әділге Қызылбас елін бағындыруды талап етеді. Әділ Қарасай, Қази және басқа батырлармен бірге жорыққа шығады. Шайқас барысында Әділ жау қолына тұтқынға түседі. Қарасай мен Қази батыр ерлік көрсетіп, оны тұтқыннан босатып алады. Үшеуі жауды жеңіп, елге жеңіспен оралады.
13. Басы:
Батыр Мамай, қанды Орақ Ел қамдаған ер еді.
14. Соңы:
Осымен жырым тамам-ай, Көне архивтен аударып…
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш