∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Түсінбесең – сен де сәби

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Түсінбесең – сен де сәби
3. Авторы (Айтушы)
Ережепқызы Айнықша
4. Жинаушы, тапсырушы:
Исабаева
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ұйымдастырған студенттердің фольклорлық практикасы кезінде жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1236, 6-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, жол саны — 31, 30х20,6; 21х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк түсті қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Жаз күндерінің бірінде Сыр бойынан қырдағы елге жолаушылап келе жатқан Алтын Сейітжан ақын, сусындау үшін бір ауылға бұрылса, өзінің қайын жұртының рулас елдері екен. Аялдаған үйінде Тұрмағамбет ақын отырса керек және екі ақын бұрыннан таныс болса керек. Тұрмағамбет Алтыннан: «Жер деген не, көк деген не?» деп төтесінен сауал тастайды. Сонда Алтын кідірместен: «Жер деген − сахи, көк деген − сари, түсінбесең сенде − сәби», − деп сусын ішіп, аттанып кетеді. Балдыздары Тұрекеңнен сөздің мәнісін сұрағанда «жердей жомарт, аспандай мөлдір бол» депті.
13. Басы:
Жаздың ыстық бір күнінде Сыр бойынан қырдағы елге жолаушылап келе жатқан Алтын Сейітжан ақын бір ауылға сусын ішуге бұрылады.
14. Соңы:
Сари – парсыша мөлдір, таза деген сөз екен.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек