∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тұяқ туралы әңгіме

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тұяқ туралы әңгіме
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дүйсекеев Ш.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.142-бума, 3-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 3, жол саны — 27, 28,6х21,3; 24х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Ертеректе Атығай-Қарауылда бір үлкен той болып, ат шаптырып, палуан күрестіреді. Екі елдің барлық жұрты жиналып, «мен» деген балуандары күреске түсіп, жүйрік аттары жарысқа қосылып, үлкен той болады. Осы жиналысқа келген Тұяқ дейтін адам өте балуан екен, Атығайдың атақты бас балуанын жығып кетеді. Тойда түйе бастатқан бас бәйгені Тұяқ алғанымен, арты үлкен таласқа ұласып, ұрыс-жанжалға айналып, бірнеше адамдар жараланады. Осыдан кейін екі елдің талас мәселесі дұрыс шешілмей, екі жақтың жиналған адамдары тарап кетіседі. Бұл дау-жанжалдан басы бәлеге қалған соң елден безіп, бас сауғалап, қайда барарын білмей аңтарған Тұяққа ауыл ақсақалдары «Баянауылдағы Шоңға бар, Орта жүздің әділеттісі сол» деп ақыл-кеңестерін айтады. Сонымен Тұяқ Шоңға барып, соған бала болып, елге сіңіп кетеді. Тұяқтан Қарашолақ деген бала туады. Қарашолақтан Дүйсенбай деген ұл болады. Дүйсенбайдан Оспан, Ахметжан деген балалар өрбиді.
13. Басы:
Бұрынғы өткен кезде Атығай-Қарауылда бір үлкен той, ат шабыс, күрес болып, осы екі елдің барлық адам қарасы жиылып…
14. Соңы:
Осы жоғарыда айтылған Оспан және Ахметжанның балалары осы күні Павлодар облысында, Баян ауданында, Екібас заводында тұрады.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек