∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Тұрысбек келгенде
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Тұрысбек келгенде
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жаманкөзв Әбеу
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 1, жол саны — 30, 28,9х20,7; 21,2х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазға машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1918 жылы ақпан айында «Ақмола уезінде кедейлер өкіметі құрылды» деген хабар шығып, Қарағандының қарапайым жұмысшыларының арасында қызу әңгімелер өрбігені қысқаша баяндалады. Жаңа құрылған үкімет уәкілдерін Қарағандыға 1918 жылдың сәуір айында Тұрысбек Мыңбаев бастап келеді. Айтушы Тұрысбек келген жиында Ілияс ақынның өлеңдете кіріп, амандасқан сәтін жатқа баяндайды.
13. Басы:
1918 жылы февраль айында «Ақмола уезінде кедейлер өкіметі құрылды» деген хабар келді.
14. Соңы:
Содан күні бүгінге дейін колхозшымын.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан, Еуропа цифрымен беттелген.