∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төребай бейітіне байланысты әңгімелер

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төребай бейітіне байланысты әңгімелер
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов М.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1954-1984 жылдары Орал қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезолв атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.910/3
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 3, жол саны — 44, 29,4х19; 24,1х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Есеналы байдың баласы Төребай жайлы әңгіменің екі нұсқасы берілген. Екі нұсқаның да мазмұны бірдей. Тек біріншісінде қысқаша жазылған. Есеналы байдың баласы Төребай орысша оқыған, патша үкіметінің оң қолы болған екен. Төребай орыс әскері үшін үйір-үйір жылқы жіберіп отырыпты. Қиын кезде еш ойланбастан патша үкіметіне 300 арғымақты айдатып жібергені үшін әкесі баласының үстінен мың жылқы айдатып өлтіреді. Сол кезде патшаның адамдары Төребайға шен беруге келген екен. Сүйегін жинап, мола орнатуға көмек береді.
13. Басы:
Ертеде біздің өңірімізді билеген Есеналы деген бай болыпты.
14. Соңы:
Есеналы баласына белгіні осылай тұрғызған дейді.
15. Қосымша мәлімет
Еуропа цифрымен беттелген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек