∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төлебай сал туралы әңгімелер

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төлебай сал туралы әңгімелер
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Е.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1126, 207-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 1, жол саны — 28, 28,8х19,8; 17,5х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына жазылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Төлебай сал өзінің зорлықшыл әкім ағайындарының қысымына шыдай алмай, Тоқа Шоңның қасына көшіп барыпты. Өзі бұқарашыл, өнерді бағалай білетін Шоң оған жақсы қоныс жер беріп, дос-жар болып кеткен екен. Шоң Бекен деген кісінің қызын айттырып қайту үшін Төлебай сал мен Бек шешенді әйелі Айымкүлге басшы етіп жібереді. Бекеннің қомсынып сөйлеген сөзіне Бек шешен мен Төлебай орынды жауап беріп, аузын аштырмаған екен.
13. Басы:
Төлебай сал әкім ағайындарының зорлық-зомбылығына шыдамай Ақмола уезіне қарасты Тоқа Шоңның қасына аз ғана ауылмен көшіп келеді.
14. Соңы:
Жоқты дәметкеніңіз тәкаппарлық қой, – деп құданың аузына құм құйыпты.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба желімделіп, тігілмеген, парақтары бос.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек