Әңгімеде Хорбетель дейтін шахтаның сараң қожайыны, ағылшын байы Текекөз бен бірқатар қазақ жігіттері туралы айтылады. Жергілікті жұмысшылар Текекөз деп ат қойып атайтын әлгі бай жауыз кісі болады. Ақшаны кем есептейді. Бірде айдың аяғында ақша алуға барған жұмысшыларға Текекөз ақшаның орнына ақ талон беріпті. Және ақшаның өзін кем есептеген. Ақшаны кем алғандықтарына ызалы болған Егізгілдин Әбірейім, Ермағамбетов Ысқақ, Орынбаев Байтыкен, Калинин атындағы шахтада істейтін Қойтасбаев Адайқайыр және Мустафа дейтін жұмысшылар Текекөз байды ұрып-соғады. Бұларды сол сәтке тап болған Шернияз деген бай ажыратып алады.Текекөз бен Шернияз, Мұстафа мен Адамқайырдың соңынан қалмайды. Осылай егесіп жүргенде 1916 жылғы июнь жарлығы шығып, солдатқа алынатынын білген Адамқайыр бір түнде Екібастұзға кетіп қалады.