1984 жылғы Қарақалпақстан экспедициясы, Көбей Сейдеханов (1928-1996) – жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1968). «Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы» (1974), «Оқ пен жыр» (1985), «Күрес пен жеңіс жырлары» (1990) монографиялары, «Азатбектің алмасы» (1963) әңгімелер жинағы мен «Түркістан түлегі» (1973) повесі жарық көрген. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар құрамында болып, көптеген рухани мұралар мен қолжазбаларды жинап, институттың қолжазба қорына тапсырған.