∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қабанбай мен Дәулетбай жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қабанбай мен Дәулетбай жыры
3. Авторы (Айтушы)
Көрсетілмеген
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қайырбаев Әнуархан – Шығыс Қазақстан өңіріне танымал журналист, білікті редактор болған. «Октябрь туы» («Тарбағатай») аудандық газеттің редакторы, облыстық «Коммунизм туы» («Дидар») газетінің Тарбағатай ауданындағы тілшісі қызметін атқарды. Баспасөз саласымен қатар, Ә. Қайырбаев өңірдегі театр өнерінің негізін салушылардың бірі болған. Ақжар ауылдық халық театры алғаш құрылғанда, өнер ұжымына Ә. Қайырбаев көркемдік жетекші (режиссер) болып, сахнаға «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклін шығарған. Әрімжан Жанұзақұлының «Өлеңдер, толғаулар, дастандар» жинағын құрастырған (Өскемен, 1992).
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің 1991 жылғы 3 қаңтардағы санынан жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1124
8. Бет, жол саны, өлшемі
23; 23; 6,7х26; 6х18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
12 беттік дәптерге көк қаламмен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Қалмақ пен қазақ арасындағы соғыста Қабанбай жекпе-жекте қалмақ батыры Жырықты жеңіп, қазақ қолы жеңіске жетеді. Алайда соғыстан түскен олжаны бөліскенде інісі Дәулетбай өкпелеп, ауылын көшіріп әкетеді. Қартайып, науқастанып жатқан Қабанбайдың жағдайын естіген Дәулетбай ағасының көңілін сұрап барады. Қабанбайдың ауырып жатқанын білген қалмақтар үш жүз қолмен шабуыл жасауға дайындалады. Қабанбай жасының ұлғайып, халінің нашарлап тұрғанына қарамастан, Қубас атқа ер салып, жаудың соңынан қуады. Шайқаста талай қалмақты жер құштырады. Жырықты ұстап әкелуді Дәулетбайға тапсырады. Дәулетбай Жырықты батырдың алдына алып келгенде, Қабанбай жауын жазалап, ел намысын қорғаған күйі дүниеден өтеді.
13. Басы:
Батырдың бәрі түгел жиылысты, Қазаққа қуба қалмақ қиын істі.
14. Соңы:
Қалмақтың басын төпештеп, Қабекең дүние салады.
15. Қосымша мәлімет
Қарағанды облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің 1991 жылғы 3 қаңтардағы санынан жазылып алынған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш