∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қабанбай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қабанбай
3. Авторы (Айтушы)
Әділбеков Қыдырмолда (1901-1985) – жыршы, ақын. Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Әсет Найманбаевты ұстаз тұтып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. ХХ ғасырдың саяси-әлеуметтік оқиғаларына байланысты ұзақ жылдар Қытайдың Шыңжаң өлкесінде болып, 1962 жылы туған елге оралады. Өз жанынан да өлең, толғаулары шығарған. “Басбай”, “Сабалақ”, “Қабанбай” сияқты тарихи жырларды әуен-ырғақпен орындайтын болған. 1975 жылы оның орындауында Әсеттің бірқатар әндері мен “Қабанбай батыр” жыры Ташкенттің “Мелодия” фирмасында күйтабаққа түсірілді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғалымбекұлы Мәкіш.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
“Семей таңы” газетінің 1991 жылғы 18 мамырдағы санынан жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1125
8. Бет, жол саны, өлшемі
26; 23; 16,7х26; 18,5х6
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
12 беттік оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда Қабанбай батырдың ел қорғаудағы соңғы ерлігі баяндалады. Қалмақтардың қазақ ауылына шабуыл жасағанын естіген Абылай хан үш жүздің батырларын жинап, жауға қарсы аттанады. Жекпе-жекте алдымен Барақ батыр қалмақтың бір батырын өлтірсе, кейін Қабанбай атақты Жырық батырды жеңеді. Соғыстан түскен олжаны бөлісу кезінде батырлар арасында алауыздық туып, оны Бұқар жырау әділ шешімімен тоқтатады. Қартайып, сырқаттанып жатқан Қабанбай қалмақтардың қайта шабуылға шыққанын естіп, ел намысы үшін қайтадан атқа қонады. Қубас атына мініп, жауды қазақ жерінен қуып шығып, өзі де мерт болады. Ер Қабанбай өзінің ісімен ұрпағына ата-баба аманатын қалай қорғау керек екенін көрсетіп өсиет қалдырды.
13. Басы:
Әуелі сөз сөйлейін Қабанбайдан, Атасыз адам пенде туар қайдан?
14. Соңы:
Аруағы батырдың, өзің қолда, Елге еңбек сіңірген талай жолда.
15. Қосымша мәлімет
Шығарманың басы 158-дәптерге, соңы 159-дәптерге жазылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш