∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кенесары

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кенесары
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әлімбаев Доскей (1850-1946) – ақын, айтыскер, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген қайраткері. Жастық шағында Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан сал тәрізді Арқаның ардагер әнші-ақындарының қасында жүріп, тәлім алған. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті жырлады, байларды, қожа-молдаларды мысқалдап сықақ өлеңдер шығарды. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде жаңа қоғамдық өзгерістерді, еңбек адамын жырлады. Ақын шығармалары 1930 жылдардан бастап жергілікті баспасөзде жарияланып, халық ақындарының жинақтарына енді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
176
8. Бет, жол саны, өлшемі
22; 32; 30х21; 26х5.5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары мен Наурызбайдың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық күресі суреттеледі. Патша үкіметінің қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, елді ата қонысынан ығыстыруы және кейбір елбасыларының шен үшін, өзінің қара басының қамы үшін орысқа сатылып, қазақтың өзіне жау болып шығуы Кенесарыны көтеріліске бастайды. Ол қазақ батырларын біріктіріп, қалың қол жинайды. Наурызбай бастаған жасақ Ақтөбені басып алып, кейін Кенесары Көкшетау, Омбы, Балқаш арқылы Ұлы жүз еліне барып, қазақ жұртын бір тудың астына топтастыруға күш салады. Қырғыздарды да ортақ жауға қарсы бірігуге шақырғанымен, Жантай, Жанқараш сияқты манаптары патша жағына шығады. Кенесары қырғызға жорық жасайды. Дулаттардың қолдаудан бас тартуы мен қырғыздардың күтпеген шабуылы нәтижесінде Кенесары мен Наурызбайдың әскері қоршауда қалады. Батырлар тоғыз ай бойы ерлікпен шайқасып, ақырында қырғыз жерінде қаза табады.
13. Басы:
Сөз шығады ақылдан, Ақыл айтар жақсы ғой.
14. Соңы:
Кенесары, Наурызбай, Қырғызда қалып өледі.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш