Бәделханов Айтжан (1930–2009) – журналист, өлкетанушы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, музейтанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Павлодар облысы, Ертіс ауданындағы Пушкин атындағы совхозда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы ҚазМУ филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген (1954). Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Saryarqa samaly») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Павлодар өңірінің қоғамдық-мәдени өмірін, тарихы мен әдебиетін насихаттауға зор үлес қосты. 1992 жылдан бастап Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Ол музей қорын қалыптастыруға, әдеби және тарихи мұраларды жинауға, өңір қаламгерлері мен өнер қайраткерлерінің (әнші Майра, Естай, т.б.) өмірі мен шығармашылығын зерттеуге белсене қатысты.