∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ﻩﻠﺋﻡ-ﺍﯤ / Елім-ай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ﻩﻠﺋﻡ-ﺍﯤ / Елім-ай
3. Авторы (Айтушы)
Көшебе Керей Қожаберген жыраудың өлеңі делінеді. Сегіз сері сияқты, Көшебе Керей Қожаберген жайлы еш тарихи дерек жоқ. Тек Қаратай Биғожин дейтіннің ойдан құрап жазуы арқылы елге таратқан қисынсыз әңгімелер бар.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Төлегенұлы Бекен – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата совхозының “Екпінді” бөлімшесінің тұрғыны. Сыздықұлы Мәди — Жезқазған қаласында туып-өскен.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1971 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
883
8. Бет, жол саны, өлшемі
46; 18; 20,5х17; 17,5х14,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге қара-көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Дастан
12. Қысқаша мазмұны
“Ақтабан шұбырындыны” өз көзімен көрген Қожаберген жыраудың өлеңі делінеді. Қожаберген 1723 жылы көктемде қасына жары Айша мен екі ұлын (Науан, Бекет) ертіп Бестам деген жердегі (қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) қайын жұрты Қобылан бидің еліне келеді. Сол кезде Себдан-Рабан бастаған жоңғар басқыншылары қазақ жеріне басып кіреді. Қамсыз жатқан ел қырғынға ұшырайды. Елу жастағы жырау Қожаберген қоршауда қалып, екі ұлы мерт болады. Жары Айшаны ертіп жаяу өз еліне бет түзейді. Бүкіл қазақ жері жау қолында қалады. Жаяу-жалпы жерін тастап қашқан ел Қаратау, Алатаудан Сыр бойына қарай ағылады, жолда аштан қырылады. “Ханнан қайыр, қарағайдан шайыр кеткен” қиын заманға тап болады. Би, батырлар бас қосып, елді жауға қарсы аттануға кеңес береді.
13. Басы:
ﺸﯕﺩﺍﺭﯧﻦ ﻘﺎﺮﺍ ﺗﺎﻭﺪﺌﯔ ﺒﯢﻟﺕ ﺑﺎﺳﻘﺎن٬ ﮐﻪﺰ ﺑﻮﻟﺋﭗ ﻗﺌﺳﺎﯖﺸﻟﺌﻖ ﻘﺎﺰﺍﻖ ﺳﺎﺳﻘﺎﻦ.
14. Соңы:
ﻘﻭﯤ ﻘﺎﻴﻌﺋﺮﻤﺎ ﺍﻴﺸﺎ ﺠﺎﻦ٬ ﯣﻣﺌﺘﺌﻣﺋﺯﺪﻯ ﻮﺯﺒﮫﯿﺌﻚ.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш