Мәулімнияз түсінде көрген аққу бейнесіне құбыла алатын Кенжекей атты сұлу қызды іздеп тауып, үш түрлі тыйымды орындайтын болып үйленеді. Бірақ берген сертін бұзған соң Кенжекей ұшып кетіп, ұлы Едігені тоғыз жолдың торабындағы терекке қалдырады. Баланы құсбегі асырап алады. Кейін Тоқтамыстың қаһарынан Құтты би Едігені аман сақтап қалады. Жетім өскен Едіге әділдігімен елге танылып, Тоқтамыстың қолына келеді. Өгей шешесінің жаласынан кейін елден кетуге мәжбүр болады. Жыр аяқталмай қалған.