∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қисса Дотан Құбақанбайұғлы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қисса Дотан Құбақанбайұғлы
3. Авторы (Айтушы)
Шайхысламұлы Жүсіпбек (1857-1937) – ақын, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, баспагер. Қазіргі Түркістан облысы Арыс ауданы, Қожатоғай ауылында қожа әулетінде дүниеге келген. Жастайынан мұсылманша білім алған. Жетісу өңірінде өмір сүріп, ел арасынан жыр-дастандарды, айтыс үлгілерін және басқа да фольклорлық мұраларды жинап, оларды редакциялап, Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасынан жариялап отырған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
98
8. Бет, жол саны, өлшемі
65; 21; 25х28,5; 8,5х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Көне эпос
12. Қысқаша мазмұны
Құбақанбайдың қырық ұлы мен қырық қызы ел іздеп жолға шығады. Бір тоғайға аялдағанда жалмауызға тап болады. Жалмауыздың бұйрығымен кенже бала Дотан Күнікей қызды іздеуге жеті жылдық сапарға аттанады. Жол бойы ерекше қасиетке ие бірнеше серік табады. Күнікейдің еліне келгенде қызды қалмақ ханына беру туралы келісім жасалғанын естиді. Дотан қалмақтармен шайқасып, оларды жеңеді. Алайда Күнікейдің әкесі бұрынғы уәдесінен тайып, қызын бергісі келмейді. Дотан бірнеше сынақтан сүрінбей өтіп, серіктерінің көмегімен қызды алып қашады. Жолда жалмауыз кемпірді өлтіреді. Еліне оралып, ағаларын үйлендіру үшін қайтадан сапарға шығады. Осы кезде өз алдына жеке өмір сүріп жатқан қырық мың үйлі елге қалмақтар шабуыл жасайды. Дотан жауды жеңіп, сол елдің ханы болады. Қарамағындағы халықты өз еліне көшіріп әкеледі.
13. Басы:
Жарандар, сал құлағың тыңдап бізге…
14. Соңы:
Жүсіпбектің бұ да бір салған ізі.
15. Қосымша мәлімет
Батырлар жыры. 2-том. (145-213 бб.) – Алматы, 1961; Бабалар сөзі: Жүз томдық. Батырлар жыры. 52-том. / Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Әзібаева Б., Ақан А. – Астана: Фолиант, 2008.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш