∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қанжығалы қарт Бөгенбай және оның батыр інісі ер Сарыбай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қанжығалы қарт Бөгенбай және оның батыр інісі ер Сарыбай
3. Авторы (Айтушы)
Бұл дастанды Нұржанның туған ағасы Рамазан 1957 жылы әкесі Ақынжанның айтуынан жазып алған. Ақынжан дастанды ертерек кезде нағашысы Ақмолдадан үйренген. Рамазан 1987 жылы қайтыс болғаннан кейін қолжазба інісі Нұржанның қолына өткен.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ақынжанұлы Нұржан. Абай облысы (бұрынғы Семей облысы), Үржар ауданы, Таскескен ауылында музыка мектебінің оқытушысы болған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Құлпейісов Еркін – фольклор жинаушы, белгілі өлкетанушы, ұстаз. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылының тұрғыны. Ел арасынан ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1124
8. Бет, жол саны, өлшемі
66; 23; 20,5х17,5; 18х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қара, көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Хиуа-қалмақ заманында Шетқурайды мекендеген Қанжы руының байы Маянның ұлы Бөгембайдың батырлығы мен жомарттығы елге жайылады. Әкесі өлген соң Бөгенбай ешбір ханға бағынбай, елін өзі басқарады. Бөгенбайдың уайым-қайғысы – баласыздығы еді. Құлжабек пен Есімбек Бөгенге қарсылық ойластырады. Қасқабай «күйеу бала» арқасында Құлжабектің Шетқурайда төре болғанын бұрыннан сыйласатын Шекті елінен батыры Сыңғыр кездейсоқ естіп, бұл хабарды Егіздің Сарыбайына жеткізеді. Сарыбай Шетқурайға аттанып, ағайындарының арасына жік түскенін көзімен көріп, оны Қалыбек пен Аналыққа баяндайды. Үшеуі ақылдасып, Дулаттардың ордасына барып болған жайды беттеріне айтады. Алайда Зейнептің арандатуымен Дулаттар оларға қарсы шығады. Қақтығыс барысында Қасқабай қаза табады. Бұл хабар Бөгенбайға жеткен соң Маян әулеті қол жинайды. Бөгембайдың батасын алған Сарыбай жасақты бастап шығады. Қанжы руының біріккенін көрген Зейнеп зәресі ұшып, Есімбек пен Құлжабек қашып кетеді. Қанжылар Зейнепті қолға түсіріп, шашын кестіріп, атқа жетектетіп алып жүреді. Зейнеп ақыры кінәсін мойнына алып, кешірім сұраған соң Бөгенбайдың батасымен Сарыбайға қосылады.
13. Басы:
Осынау біздің қазақ жақсы жайдан, Ескіні тамаша етіп қалар қайран.
14. Соңы:
Осымен Қанжығалы елі жатты жайға, Бағынды төре Дулат Бөгенбайға.
15. Қосымша мәлімет
1991 жылы “Семей таңы” газетінің бірнеше санында (5, 26 қаңтар, 2, 9 ақпан) жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш