∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бөгенбай батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бөгенбай батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Еркін – фольклор жинаушы, белгілі өлкетанушы, ұстаз. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылының тұрғыны. Ел арасынан ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Құлпейісов Еркін 2000 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына материалдарды өзі әкеліп тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1125
8. Бет, жол саны, өлшемі
11; 23; 21х17,5; 18х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бөгенбай Шынар деген қалмақ ханын өлтіргенде, артында Қаранай деген тоғыз жасар ұлы қалады. Қаранай ержетіп, қасына он тоғыз мың қол алып, Бөгенбайдан кегімді аламын деп аттанады. Бөгенбай бұны түсінде көріп, Сарыбайға хабар салып, елді көтереді. Қаранай: «Бөгембайды тірі берсеңдер, сендермен жауласпаймын, болмаса түгел қырамын» деп қорқытады. Сарыбай соғыстан қашпай, әуелі жекпе-жекке шығайық деп, Қаранайға қарсы Тұманбек деген батырын жекпе-жекке шығарады.
13. Басы:
Ертеден қалмақ ханы өлген Шынар, Тұқымы сол қалмақтың жауға құмар.
14. Соңы:
Мінді қалмақ керігін, Жекпе-жекке баруға.
15. Қосымша мәлімет
1991 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданында “Ертіс нұры” газетінде (24 сәуір; 9-10 мамыр) жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш