∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ﻘﺎﻨﺠﻌﺎﻠﺊ ﺑﯡﮔﻪﻨﺒﺎﻱ ﺑﺎﺘﺋﺮ / Қанжығалы Бөгенбай батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ﻘﺎﻨﺠﻌﺎﻠﺊ ﺑﯡﮔﻪﻨﺒﺎﻱ ﺑﺎﺘﺋﺮ / Қанжығалы Бөгенбай батыр
3. Авторы (Айтушы)
Тастыбай Жағыпарұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбішов Ғапур. Оның өмірбаяны туралы нақты деректер сақталмаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1976 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
886
8. Бет, жол саны, өлшемі
166; 28; 21х.14.5; 19х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге қара сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бөгенбай батырдың әкесі Маянбай батыр қайтыс болған соң, оны арқа тұтып келген Құлжабек, Есімбек деген төрелер Бөгенбайдың билігін мойындауға мәжбүр болады. Бұл Бөгенбайдың перзентке зар болып, қартайған кезі екен. Жауға аттанбауға ант еткен төрелер кек алу мақсатымен Зейнеп дейтін қызы арқылы Бөгенбайдың бауыры Қасқабайды ағайындарынан бөліп, Шетқурайға көшіртеді. Мұны естіген Маянбай әулетінің батырлары Сарыбайдың бастауымен аттанып, Қасқабайдың өлімі үшін кек алып, төрелерді елден қуып, Зейнепті Сарыбайға қосады. Батырлар Бөгенбайдың батасын алып, Сырдарияның арғы бетіне жорыққа аттанады. Жолда Қанышайым деген жетім қызбен танысады. Қыздың Қапа мен Орда деген екі ағасы болады. Батырлардың айдап бара жатқан жылқылары осы Қапа батырдың жылқысы екен. Әкелері қайтыс болған соң, осы екі батыр еншіге таласып жиырма мың жылқыны екіге бөліп алады да, қыз Орда батырдың қолында қалады. Қанышайымды Қапа малы көп бір құлға бермек болады, оған Орда көнбейді екен. Жеті кенженің кішісі Тыныбек батыр қызбен сөз байласып, еліне қайтады. Келесі жылы батырлар Қанышайымды құда түсіп әкелуге аттанады. Қапа Орданы шапқанда, батырлар Ордаға көмектесіп, Қанышайымды аман-есен елге алып кетеді. Бөгенбай түс көріп, кезінде өзі өлтірген қалмақ ханының баласы Қаранай ержетіп, әкесінің құнын жоқтап, Бөгенбайды іздеп келе жатқанын біліп, елін дайындайды. Қаранайды Бексұлтан жекпе-жекте өлтіріп, бауырларынан кек алады. Перзентсіз қарт Бөгенбай жиен Ақымды бала қып алады да, екі қызға (бірі төре қызы, бірі өзінің сөз байласқан қызы) біржола үйлендіреді.
13. Басы:
ﻗﺎزﺍﻗﺘﺎ ﯗﻠﺊ ﺒﯡﻠﻌﺎﻥ ﺒﯡﮔﻪﻦ ﻗﺎﺮﺘﺊ، ﮦﺮﻠﻪﺮﺪﺋﯓ ﺒﯡﻹ ﺒﻪﺮﻤﻪﺱ ﻤﯣﻨﺪﺍﯼ ﺍﺮﺘﺊ
14. Соңы:
ﺘﯡﯼ ﻗﻠﺋﭖ ﻤﯗﻨﺪﺍ ﺃﮐﻪﻠﺋﭖ ﯗﻠﺊ ﺠﯾﻦ ﻗﯡﻠﺋﻨﺎ ﮦﮐﺊ ﺍﺴﺋﻠﺪﯼ ﺒﺋﺮﺪﮦﻱ ﺍﻠﺪﯼ
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның екінші бетінде араб әрпінде: “Тастыбай Жағыпарұлының титраты деп білерсіздер” десе, төменгі жағында араб әрпі, көк сиялы қаламмен “Сәрсенов Ғабдікәрім Әбілдәұлы деп білерсіздер” деген сөздер бар. Соңғы бетінде “бір қабат оқып шықтым, жаримдап жаздым, моллаке, 76 жылы ноябрь айында алдым” деген сөздер жазылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш