∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бөгенбайдың бірінші жорығы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бөгенбайдың бірінші жорығы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оспанов Қайырбай – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Малтабар ауылында туып-өскен.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ақмола облысы, Ерейментау ауданында 1970 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
815
8. Бет, жол саны, өлшемі
21; 20; 16х20; 13х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жыр “Бөгенбай батыр”, “Бөгенбай батырдың сөзі”, “Аттың сыны” деген тараулардан тұрады. Ертеде Сығанақ қаласы Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың бас қорғаны болғаны, Сыр бойында қалмақтардан қатты соққы көріп, Арқаға ауғаны, “Ақтабан-шұбырындыға” ұшырағаны, қазақ пен қалмақ жауласқан кездегі Бөгенбай батырдың ерлігі айтылады. Жырда батырлар жырына тән кейбір сарындар (түс көру, түс жору, т.б. мотивтер) көрініс тапқан.
13. Басы:
Сөйлейін бір хикая өткендерден, Артында аты қалған батыр ерден.
14. Соңы:
Барады сөйлей берсем сөз бұтақтап, Осылай бірінші жорық тынсын тоқтап.
15. Қосымша мәлімет
ОҒК-ның қолжазбалар қорында “Бөгенбай батырдың бірінші жорығы” деген атаумен сақталған тағы бір қолжазба (айтушысы – Жадайұлы Молдажан) бар. Екі нұсқаның мазмұны толық сәйкес келеді. Салыстыру нәтижесінде Қ.Оспанов пен М.Жадайұлы нұсқаларының мәтіндері ешбір елеулі өзгеріссіз қайталанатыны анықталды. Қ. Оспанов нұсқасы Жадайұлы Молдажан қолжазбасынан көшірілген болуы мүмкін деген қорытынды жасауға негіз бар, себебі Молдажан жырлаған жыр мәтіні бұрынырақ (1946) хатқа түскен.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш