∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ﺑﻭﮔﻪﻨﺒﺎﻱ ﺒﺎﺘﺌﺮ / Бөгенбай батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ﺑﻭﮔﻪﻨﺒﺎﻱ ﺒﺎﺘﺌﺮ / Бөгенбай батыр
3. Авторы (Айтушы)
Жағыпарұлы Алшынбай. Оның өмірбаяны туралы нақты деректер сақталмаған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбішев Ғапур
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қалың дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
886
8. Бет, жол саны, өлшемі
87; 24; 21,4х15; 20х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысы кезінде Әбілмәмбет төренің Құлжабек, Есімбек деген билеушілері қанжығалы елін билеп-төстеп, алым-салық салып отырады. Кіші жүздің қанжығалы руынан шыққан Бөгенбай халыққа қысым көрсеткен төрелерге ызаланып, қанжығалының 900 шаңырағын бастап, олардың салық төлеуіне жол бермейді. Бөгенбай атақты әулеттен шыққанымен, 14 қатынынан бір перзент көрмей, баласыздықтың қасіретін тартады. Құлжабектің қызы Зейнеп батырға сыртынан тіл тигізіп, түрлі оқиғалар мен амал-әрекеттерден соң, Бөгенбайдың інілерінің қолдауымен Кесімге қосылады.
13. Басы:
ﻘﺎﺯﺍﻘﻘﺎ ﻭﻠﮕﻰ ﺒﻭﻟﻐﺎﻥ ﺒﻭﮔﻪﻦ ﻘﺎﺮﺗﻰ, ﻩﺮﻠﻪﺮﺪﺌﻚ ﺒﻭﻠﻐﺎﻦ ﻩﻣﻪﺲ ﻣﻭﻨﺪﺍﻱ ﺍﺮﺘﻰ.
14. Соңы:
ﻩﺭ ﺍﻘﺌﻢ ﺘﻭﺮﺖ ﺟﻭﻟﺪﺍﺴﭙﻪﻥ ﻘﺎﻴﺘﺎ ﻘﺎﻴﺘﺘﻰ, ﺴﻪﮔﺌﺬ ﻛﻭﻨﺪﻩ ﺍﺮﺘﺌﻨﺎ ﻘﺎﻴﺘﺎ ﺷﺎﭙﺘﻰ.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш