∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قوزى كورپەش – بايان قىز / Қозы Көрпеш – Баян қыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قوزى كورپەش – بايان قىز / Қозы Көрпеш – Баян қыз
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Григорий Николаевич Потанин
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
7369-беттің сыртында «21—III, 1884» деген жазу бар. Бұл қолжазбаның жазылған жылы ма, әлде қорға түскен жылы ма белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
56, Мф.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 7369-7388; Ж. 2625
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Қарабай мен Сарыбайдың өз жерінен кетуіне туыстарының баласыздығын бетіне басуы себеп болады. Сарыбай өлерінде Қарабайға балаларды қосуды тапсырады. Айбас Баяннан алып келген сәлемдемесін Тайлақ биге жіберіп, бата сұрайды. Қозы Көрпеш Қарабайдың еліне барып қойшыны жүз елу қой беріп өз еліне қайтарады. Қыздар Қозының күндегі қойшы қылығы емес екенін сезіп, қой ішіне қозы терісін жамылған қызды жібереді. Қарабай, Қодарлар Сасан бидің асына кеткенде Қозы мен Баян құрбыларын жинап той жасайды. Көсемсары Шоқтерекке келіп Қозымен достасады, бұны Баянға өш бір әйел Қодарға хабарлайды. Қарабай өлген соң, Қозы Қарабай аулының рубасы болып сайланады. Қожан саудагермен кездесіп, сол арқылы ұлы Күлепті Балталыдағы шешесіне жібереді. Күлеп үйленіп Балталының ханы болады. Қожан мен Айбас Аягөзге келіп, Ай мен Таңсыққа үйленеді. Сол елге Айбас би, Қожан молда болады. Қозы отыз бес жасында өз ажалынан өледі. Қозыға мазар салдырып, Баян жоқтап зиратқа кіріп тас болып қалады.
13. Басы:
Шешендер білген сөзді гулетіпті.
14. Соңы:
Үлгі болған кейінгі білгендерге.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаны 1966 жылы институттың аға ғылыми қызметкері Едіге Тұрсынов тапқан. Академик Ә. Марғұланның айтуына қарағанда осы қолжазбаның дубликаты Омск архивында Н.Я. Коншин материалының арасында сақталған көрінеді.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек