Қозы асық ойнап журіп бір баланың сақасын ұтып алады, байқамай кемпірдің өрмегін үзеді. Екеуі де: «Баянды неге іздемейсің?» —дейді. Қозы үйіне келіп: «Маған құл да, кемпір де «Баян» дейді, сен оның кім екенін маған айт», — дейді. Анасы Қозының жолында кездесетін барлық қиындықтарды айтады. Қозы оған тоқтар емес, анасы Баянның жөнін айтып, Қозыны жолға шығарады. Қозы бір ауылға келіп Сарыбайдың, Баянның халінен хабар біледі. Сарыбай Қозыны көріп үйіне алып келеді, Қозы жылқы бағады. Көп ноғай жиналып тойға барады, желідегі құлындар боран астында қалады. Шұрқыраған құлынның даусына шыдай алмай, Баян далаға шығады, құлын теуіп жығылған Қозыны, оның алтын айдарын көреді. Жеңгесімен екеуі Қозыны Баянның күймесіне алып келеді, сол кезде оларды бір бала көріп, тойдағыларға хабарлайды. Ноғайлылар Қозыны жазаламақ болып, тойға шақырады. Оны білген Қозы қашады. Баянның ақылды торғайы болады. Ол Қозыдан хабар әкеліп жүреді. Бір жеңгесі торғайды ұстап алып қинағанда, ол «Шоқ» деген сөзді айтады. Сарыбай мен Қодар Шоқтерекке барады. Қодар қамыс оқпен атып Қозының мойнын үзеді, басын Баянға әкеп береді. Баян Қодарға құдық қаздырып, кебіспен су алдырып ішіп, құдықтың ішінде Қодарды бида пышақпен өлтіреді. Өзі де Қозының басына келіп өледі.