∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قارعا مەنەن كۇلسىن تۋرالى شىعارما / Қарға менен Күлсін туралы шығарма

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قارعا مەنەن كۇلسىن تۋرالى شىعارما / Қарға менен Күлсін туралы шығарма
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тайыр Ауатанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1952 жылы Астрахань облысы, Зелен ауданында жазылған. Институт қорына 1960 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
332
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 58; Ж. 18; 22X31; 10X16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сызықты дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Қолжазбада Қарға батырдың бастан кешірген оқиғалары көрсете жырланады. Баяғыда Қарға деген бала әкесінен жетім қалып, шешесімен екеуі байдың жылқысын бағып күн көреді. Қарға 16-17-ге келген соң, жалшылық өмірден құтылу үшін ұрлыққа кіріседі. Жақсы киім киіп, жүйрік ат мініп, салтанат құрады. Сөйтіп жүріп, бір бай жігіттің қолындағы Күлсін сұлуды алып қашады. Қарға қартайғанша Күлсінмен бірге жақсы өмір сүреді. Қарға науқастанып, өлер алдында халқын жинап, өзінің басынан кешкен оқиғаны ұзақ әңгіме етіп айтып береді.
13. Басы:
Ертеде шығармаған елде көп-ті.
14. Соңы:
Ажалдың бар ма күні таппайтұғын.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның 2-3-беттерінде сия тамған дақ бар. Кей беттерінің сөздері сызылып, түзетілген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек