∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قالقامان–مامىر / Қалқаман – Мамыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قالقامان–مامىر / Қалқаман – Мамыр
3. Авторы (Айтушы)
Авторы белгісіз. Жыршысы – Галкин Ибрахимұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оңғар Сүйіндіков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1966 жыл, Семей экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
668
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.7-20; Ж. 16; 16,5 X21; 13X18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Қалқаман Мамырды сүйеді. Екеуі сөз байласып қашады. Әнет бастаған ел ақсақалдары жиналып, малмен бітіспек болғанымен қыз ағасы Көкенай көнбейді. Қалқаман Көкенайдың оғынан жараланып, аман қалады. Бірақ еліне өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Басталуы мен аяқталуында жыршының өзінше қосқан шумақтары бар.
13. Басы:
Қолыма қалам алсам өлеңдейін.
14. Соңы:
Бұл елге айта қалсын сонан қалған.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек