∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қалқаман – Мамыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қалқаман – Мамыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұқан Тұрабаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында жазып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
327
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 18, Ж. 20; 16,5X20; 13X19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге күлгін сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бұл жырдың мазмұны Нөкербекұлынын нұсқасына ұқсас. Өзіндік өзгешеліктері де жоқ емес. Кейбір жеке, сөйлем айырмашылықтарымен қатар, жинаушының өз тарапынан қосылған шумақтар кездеседі. Мысалы, қолжазбаның алдынан 14 жол, соңына 4 жол өлең қосылған.
13. Басы:
Базардан тақта-тақта без келеді.
14. Соңы:
Біледі басты кісі Орта жүзде.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары бет сайын бір қатардан тізілген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек