Исмайылов Ораз – белгілі әдебиет зерттеушісі, жазушы. Ол бұл жырдың сақталған үзіндісін 1984 жылы Сәкен Есетов марқұмның бәйбішесі Ұлжан шешейден (Талдықорған облысы, Қаратал ауданы) алғанын айтады. Дастанның авторы белгісіз, өйткені оның екінші бөлігі табылмаған. Жинаушы алты жыл іздегенімен, жалғасын таба алмаған. Сондай-ақ батырдың ұрпақтарымен кездесіп, оның қайта жерленген бейітін көреді. Құлпытаста: «Мықтыбекұлы Бақай 1803-1902» деген жазу бар екен.