∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Әуезханның бір саласы / اۋەزحاننىڭ ءبىر سالاسى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Әуезханның бір саласы / اۋەزحاننىڭ ءبىر سالاسى
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нүркенов Абыт (1893-1973). Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туып-өскен. Шымкент және Қызылорда облыстарынан ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қызылорда облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
781, 19-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
10; 20; 19,7х16,8; 17х14,3
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бірнеше дәптер етіп біріктірілген, қағазға қара қарындашпен, сиямен араб әрпінде жазылған. Қағазы сарғайып, парақтары ажыраған, жазуы өше бастаған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Шәмбілде Көрұғлы ханның Асан мен Әуез атты екі ұлы болады. Бір күні Әуезге аян беріліп, сапарға шығуы керектігі айтылады. Әкесі алғашында рұқсат бермегенімен, кейін келіседі. Әуез Ғират атына мініп жолға шығады. Жолда ол дауылға ұшырап, бір сарайдағы шал мен аққуға айналған пері қызды кездестіреді. Шал оған Қап тауында өзіне жазылған пері қызын табатынын айтып, жол сілтейді. Сапар барысында Әуез бір мұнарадағы қызбен кездесіп, Қап тауына бара жатқанын айтады. Кейін Бұрқанша ханның қаласына келіп, ханның қызы Жұлдызайды алу үшін ұйымдастырылған ат жарысына жиналған көпшілікті көреді.
13. Басы:
قالام اليپ بر أڭگمه باستالق ته ككه جاتﭙﺎﻱ ه كۍ اياقتۍ جاستاديق
14. Соңы:
ات قوسباققا ۇمﺌتتمز باريمز شابار اتقا قرق كۇنشليك جولﻰبار
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары алғашқы төрт бетте бір, қалған бетте екі қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш