∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Асқар батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Асқар батыр
3. Авторы (Айтушы)
Аманжолов Тілеумағамбет (т.ж.б. – 1935) – Қарақалпақстанда өмір сүрген қазақ жыршысы, халық ауыз әдебиетінің көрнекті жеткізушілерінің бірі. Қолжазбадағы және ел аузындағы лақап аты – Қубала. Т.Аманжолов Кіші жүз ішінде табын руынан. 1905 жылы адай елінің Сам деген жерінде, 1913 жылы Ойыл өзені бойында, 1918 жылы Үстірт шыңда, 1919 жылы Қарақалпақ АКСР-ы, Қоңырат қаласының төңірегінде тұрмыс кешіп, 1920-1924 жылдары баспашыларға қарсы күрескерлердің ерлігі (Асқар, Ермағамбет, Марқабай т.б.) туралы дастандар шығарған. 1923-1925 жылдары Қарақалпақ АКСР-ның Төрткіл облыстық газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Осы кезде оның өлең-жырларын Жақсылық, Дайрабай сияқты жыраулар жаттап алып, ел арасына таратқан. Ол өмірінің соңғы жылдарына дейін тынбай қызмет істеп, Қоңырат қаласында қайтыс болған. Ақынның Қазан төңкерісінен бұрын шығарған көлемді шығармасы – «Барақ батыр» жыры.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қылышұлы Қартбай – Қарақалпақстандағы қазақ жыраулық дәстүрінің көрнекті өкілі, эпостық жырларды орындаушы және халық мұрасын сақтаушы. Қарақалпақ АКСР-ы, Қоңырат қаласында тұрған. Қ.Саттаров, Ж.Әбдрахманова.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жылғы “Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау” экспедициясы. 1988 жылы мамыр айында Қарақалпақ АКСР-ы Қоңырат ауданы, Тасбөгет ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1089/7
8. Бет, жол саны, өлшемі
24; 26; 28,3х19,6; 7,2х12,2
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін көк түсті сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда қалың қолды бастаған Асқар батырдың сыртқы жауға қарсы ерлік күресі суреттеледі. Асқар батыр Оразбай, Қыдыр сияқты батырлармен бірге басқыншыларды жеңіп, халықтың жері мен мал-мүлкін қайтарып береді. Алайда жау қайта шабуыл жасағанда, Асқар батыр Қызыл әскердің көмегімен елді азат ету жолында шайқасады. Жауды жалғыз қуа жүріп, оғы таусылған батыр ерлікпен қаза табады.
13. Басы:
Әуелі сөзім бастайын, Жалған сөзді қоспайын…
14. Соңы:
…Бандитты қуған ерді өлең етіп, Осымен тамам етіп сөздің артын.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш