∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ағыбай батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ағыбай батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Уахатов Бекмұрат (1932-1984) – әдебиет зерттеушісі, фольклортанушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы. Мұхтар Әуезовтің шәкірті. 1958-1984 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақ фольклортану өзекті мәселеріне арналған ғылыми еңбектері (Қазақтың халық өлеңдері) жарық көрген
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылғы Шығыс Қазақстан экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
145, 1-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
6; 36; 16х20; 11х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
«Ағыбай батыр» жырының бұл нұсқасы мазмұн жағынан Қ.Қаңтарбаев жинаған туындыға көбірек ұқсас болып келеді. Аталған нұсқалардың екеуіне де «Ағыбай батыр» жырының сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы кейіпкерлер бейнесі, жер-су атаулары бірдей болып келеді. Көптеген өлең шумақтары қайталанып келетін тұстары да бар. Екі мәтін қаншалықты ұқсас болғанымен, кейбір айырмашылықтары да бар. Шығарманың көлемі әр түрлі. Экспозицияда айырмашылық бар, Қ.Қаңтарбаев нұсқасында жыр Ағыбайдың Қаракөзді Көлебенің тетелес ағасы Таңбайға қосуымен аяқталады.
13. Басы:
Жас қойшы тыңдап отыр қасымдағы, Тымағын қолына ұстап басындағы.
14. Соңы:
Кешікпей көп нөкері тағы жетті, Басынан Қалабаның дәурен өтті.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Қолжазбада кейбір өлең жолдары өшіп қалған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш