Абылай ата-анасынан жастай жетім қалады, Орта жүздегі Байтақтың бала болып сіңеді. Байтақ Абылайды қолына алған соң жанына ертіп жүріп оң мен солын танытып, толымды азамат етіп өсіреді. Абылайдың даңқын естіп Ұлы жүзден, Орта жүзден, Кіші жүзден белгілі билер мен батырлар келіп, баланы сынап, ел тізгінін қолына ұстатып, үш жүздің басын қосуға ұйтқы болады. Абылай қазақ халқына хан болған соң, қол бастап қара қалмақты ойсырата жеңіп, Алтай, Тарбағатай тауынан асырып қуады. Қалмақ ханы Уса Серен алдына келіп, екінші рет қазақ жерін аттамауға уәде етеді, әрі өзінің қызын береді. Содан бастап қазақ жерінде тыныштық заман орнайды. Халық Абылайды «қайырлы хан болдың» деп, бір-бірімен дауласу, ренжісуді қойып бейбіт өмір сүреді. Абылай кейін үш жүзге үш баласын хан сайлап, 1834 жылдың жазында Ордада мәслихат ашып, орысқа қосылуға хат жолдайды. Сөйтіп, 1840 жылдан бастап қазақ-орыс бір уәлаят болыпты.