∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бесік жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бесік жыры
3. Авторы (Айтушы)
Омаров Айташ
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қасымова Ә., Берік Рахымов.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
964
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.24. 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Бесік жыры
12. Қысқаша мазмұны
Ел ішіне кеңінен таралған бесік жырларының бірі. Мәтінде жергілікті сөздер көптеп кездеседі.
13. Басы:
Әлди, әлди абайын, Атқа тоқым жабайын.
14. Соңы:
Осы бөпем болмағанда Кетер еді жайымыз.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова