Мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы жағынан бесік жырының өзге мәтіндерімен үндеседі. Сөз құрылысы бір сарынды, баланы уату үшін орындалатындықтан, ырғағы мен екпіні бесіктің тербелісіне ыңғайлас айтылады. Төрт шумақты өлең мәтіні 7-8 буынды жыр түрінде келеді.