∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бесік жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бесік жыры
3. Авторы (Айтушы)
Айдашқызы Балтілеу
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1997 жылы Шымкент облысы Түркістан ауданындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/112
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.16; 28х18; 22х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Бесік жыры
12. Қысқаша мазмұны
Мәтін тұрақты нұсқа болмаса да, ежелден ел арасында айтылып, қалыпқа түскен дәстүрлі үлгіде келеді. 20 тармақты өлеңнің алғашқы жеті жолы 7-8 буынды жыр түрінде айтылады. Он үш тармақты екінші шумақтағы нәзік лирикалық көңіл-күй, негізгі идея диалогтік сөйлесім әдісі арқылы беріледі.
13. Басы:
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ұйықтай қойшы, жан бөпем.
14. Соңы:
Терсе, терсе, терсе екен, Үйге жылдам келсе екен!
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова