∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Есекқырған

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Есекқырған
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Еркін Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1123
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 15; Ж. 314; 20,5х16,7; 20х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Аңыз-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жыр екі оқиғаның желісінен құрылған. Алғашқы оқиғада бір жауыз патша иттерді «көп үрді» деп, есектерді «көп жүрді» деп қыра бергеннен соң, алдыңғысы қауып, кейінгісі теуіп ордасын ойрандайды. Сол түн аспаннан төніп тұрған бір жұлдызды жұрт «Есекқырған» атап кетеді. «Есекқырған» жырының екінші оқиғасы осы аттас миф мазмұнының негізінде жырланғанмен, кей эпизодтар өзгеріске түскені байқалады. Атап айтқанда, «Есекқырған» мифінде керуеншілер түнде шығыстан көрінген жарық жұлдызды «Шолпан туып қалыпты» деген оймен қараңғыда жолға шығып, адасып, есектер суықтан қырылып қалады. Сол себепті әлгі жұлдызды «Есекқырған» атап кетеді. Ал жырда адасқан есектерге жүк артқан керуен қараңғы түнекте биік жардан құлап, терең суға батып кетеді.
13. Басы:
Бір жұлдыз атаныпты Есекқырған, Іңірден шақырайып ерте туған.
14. Соңы:
Аңыз бенен шындықты біле жатыр, Көз тастап өткен күнге мойын бұрған.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек